ru24.pro
World News
Ноябрь
2024

Тұман және жел: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

0

Синоптиктердің болжамына қарағанда, бүгін, 26 қарашада еліміздің 10 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!