ru24.pro
World News
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30

Телефоныңыз тыңдала ма? Қалай тексереді?

0

Телефоныңыз тыңдала ма? Оны қалай тексеруге болады? Сарапшылар төрт қадамнан тұратын қарапайым тест ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Dailymail.co.uk-ке сілтеме жасап.
Жеке ақпаратқа қолжетімділік
NordVPN телефонның тыңдалғанын тексеруге арналған қарапайым тест ұсынады.
Компания зерттеушілері бірнеше тәжірибе жасаған. Олар google-де ешқашан іздемеген тақырыпты дауыстап талқылаған, содан соң бірнеше күн өткеннен кейін ол нәрсе құрылғылардағы жарнамалардан байқалған.

"Біз мұндай нәрселерді қалыпты және зиянсыз деп санаймыз, бірақ бұл сіздің құрылғыларыңыз жеке ақпаратыңызға және қызығушылықтарыңызға қол жеткізе алатынын көрсетеді", - деді NordVPN техникалық директоры Мариус Бриедис.

Қарапайым тест
Мамандар телефоныңыздың тыңдалатынын анықтау үшін мына төрт қадамды орындауды ұсынды:

Тақырып таңдаңыз. Телефоныңыздан және басқа да құрылғылар арқылы ешқашан іздемеген ерекше тақырып ойлап табыңыз. Оның сіздің күнделікті қызығушылықтарыңызға еш қатысы болмауы керек;
Сол жайлы сөйлесіңіз. Сол тақырыпты телефоныңыздың жанында бірнеше рет айтыңыз;
Телефонды әдеттегідей қолдануды жалғастырыңыз. Құрылғыны қолдану әдетіңізді өзгертпеңіз, оны әдеттегідей пайдаланыңыз;
Нәтижені бағалаңыз. Егер сол айтылған тақырып бойынша жарнамаларды байқай бастасаңыз, бұл сіздің әңгімелеріңіздің тыңдалатынын көрсетуі мүмкін. 

Тақырыппен байланысты барлық нәрсеге мән беріңіз. Мысалы, Әзербайжан жайлы айтсаңыз, алдыңыздан осы елді білдіретін жарнама ғана емес, сондай-ақ сол бағытқа баратын турлардың жарнамасы шығуы мүмкін.
Компанияның тәжірибесі
Зерттеуге қатысушылардың бірі Сауд Арабия тақырыбын таңдап, 2-3 күн бойы осы елге барғысы келетінін бірнеше рет айтқан. Бейсенбі күні ол ескертпе жазатын қосымшасына "Сауд Арабиясы" деп жазып қойған. Жексенбі күні, яғни үш-ақ күннен соң әлеуметтік желіде Сауд Арабиядағы қонақүйдің жарнамасы шыққан.