ru24.pro
World News
Ноябрь
2024

Серік Сәпиев Қарағанды ​​облысының спорт басқармасын басқарады

0

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралып, Қарағанды ​​облысының спорт басқармасын басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның кандидатурасын Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы мақұлдады.

41 жастағы Серік Сәпиев - экс-кәсіпқой боксшы. 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, одан кейін екі жыл Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Кейінгі уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды.

Комиссия сонымен қатар Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Азамат Имашевтың кандидатурасын да келісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!