ru24.pro
World News
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30

Қазақстанда доллар 3 теңгеге қымбаттады

0

22 қарашадағы доллардың бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 498,34 теңге болып, 3,36 теңгеге қымбаттады. Айта кетейік, 22 қарашадағы доллардың ресми бағамы - 494,87 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 498,69 теңге, сату бағамы – 500,90 теңге. Астанада америкалық валютаны ақша айырбастау пункттері орташа есеппен 497,00 теңгеге сатып алып, 501,98 теңгеге сатып жатыр.

Еске салайық, 21 қарашада KASE-де күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 494,87 теңге болып, 0,47 теңгеге төмендеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!