ru24.pro
World News
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі өмірден өтті

0
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы қызы Құралай Нұрқаділова жазды.

"Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға қайтыс болды. Заманбек Нұрқаділов тұлға ретінде қалыптасқан жылдары оның серігі болған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Өте қарапайым әрі зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішіндегі оның үнсіздігі туралы да. Ол Кеңес Одағы кезінде және одан кейінгі ел туралы көп нәрсе айта алар еді. Барлық тарихи деректі есте сақтайтын, өте қызық етіп баяндап беретін. Оны білетіндердің бәрі анамның даналығына таңданатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!" - деді ол.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Куралай Нуркадилова | Психолог Миллионеров №1 (@kuralaiofficial)


Айта кетейік, Нұрбике Нұрқаділова Заманбек Нұрқаділовпен студент кезінде шаңырақ көтеріп, 27 жыл бірге тұрған. Олар 1995 жылы ажырасқан. Олардың Қайрат, Құралай есімді ортақ екі баласы бар.
Құралай Нұрқаділованың жеке архивінен
Ал Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы 12 қарашада өмірден өтті.