ru24.pro
World News
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30

Ақтауда ММА файтері өлі табылды: туыстары сараптама қорытындысын шығарды

0

Ақтауда қыркүйекте өлі табылған ММА файтері Вусал Джафаровтың туыстары сот-медициналық сараптама нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның ағасы Гусейн Джафаровтың айтуынша, марқұмның қанында есірткі табылмаған. Ішкі ағзалардың қатты ыдырап кетуіне байланысты өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін болмаған.
Сондай-ақ, сарапшылар дене жарақаты белгілерін де таппаған.

"Химиялық-токсикологиялық зерттеу кезінде қаннан этил спирті - 0,61 пайыз (промилле), ал бүйректен - 1,25 пайыз (промилле) табылды; барбитур қышқылының туындылары, ноксирон, морфин, кодеин, тебаин, наркотин, моноацетилморфин, гидрокодон, дионин, промедол, диазепам, нитразепам қаннан, бауыр мен бүйрек тіндерінен табылған жоқ", - дейді сарапшы.

Еске сала кетейік, бұрынғы ММА файтері Вусал Джафаровтың денесі 20 қыркүйекте Ақтау қаласындағы 3-шағынауданда қоқыс контейнерлерінің жанынан табылған болатын. Денесі қатты ісініп, қарайып кеткен. Осы іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Ашық дереккөздерге сәйкес, Вусал Джафаров 1994 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Төрт жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде жеңіске жеткен, үшеуінде жеңілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!