ru24.pro
World News
Ноябрь
2024

Тексеріс нәтижесі Антикорға берілді: Смайылов бұрынғы әділет министрі Бекетаевтың ұсталуы туралы

0

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың аудиторлар тексерісінен кейін ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат кулуарында журналистер Бекетаевтың ұсталуы туралы сұрақ қойды.

"2023 жылға арналған мемлекеттік аудит нысандарының тізбесіне сәйкес, ЖАП республикалық бюджеттің жекелеген бағдарламалары бойынша Әділет министрлігі мен оған қарасты ұйымдарда бюджет қаражатының пайдаланылуын тексерді. Біздің қорытындыларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тәркілеп, осыған байланысты жеке тұлғалар тобы ұсталды", - деді Смайылов.

Сонымен қатар ол экс-министрдің нақты не үшін ұсталғанын білмейтінін атап өтті.

"Бекетаевтың ұсталуына не себеп болғанын білмеймін, бірақ біз аудит жүргізіп, тексеру нәтижелерін агенттік алғаны - бұл факт", - деп қосты палата басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!