ru24.pro
World News
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30

Орман шаруашылығының бұрынғы басшысы ірі өрт үшін 21 миллиард теңге төлеуге міндеттелді

0

Қостанай қалалық соты 2022 жылғы қыркүйекте Басаман және Семиозерный орман шаруашылықтарының, сондай-ақ Әулиекөл ауданының Аманқарағай және Озерное ауылдарының аумағында болған ауқымды орман өртінен келтірілген залалды өтеу туралы талапты қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Басаман" орман шаруашылығы мекемесінің бұрынғы басшысы Ж., өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, өрт қаупі жоғары кезеңде жазғы уақытта Қостанай облысының орман қоры аумағында адамдардың болуына белгіленген тыйымға қарамастан, жеке бригаданың орманда болуына, орман және ағаш кесу жұмыстарын жүргізуге заңсыз рұқсат берген.

"Соның салдарынан 2022 жылдың 2 қыркүйегінде бригадалардың құрал-жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуінен Басаман және Семиозерный орман шаруашылығының аумақтарын, сондай-ақ Әулиекөл ауданының Аманқарағай және Озерное ауылдарын шарпыған ауқымды өрт шыққан", - делінген хабарламада.

Қостанай қалалық соты уәкілетті органның Ж.-ға және оның зайыбы Д.-дан мемлекетке келтірілген зиянды өтеу, мүлікті ортақ үлестік меншік деп тану және Ж.-ның ½ үлесін өндіріп алу туралы талап қоюын қарады.
Бұған дейін Қостанай облыстық соты Ж.-ны ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқаруға тыйым салумен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

"Сотта Ж.-ның заңсыз рұқсатымен орманда ағаш кесушілердің жұмысы ірі көлемде өрттің шығуына әкеліп соғып, оның салдарынан өсімдіктер мен жануарлар дүниесі зардап шегіп, 32 мың гектардан астам орман алқабы жойылған. Сот талап қоюды ішінара қанағаттандырды: жауапкерден мемлекет кірісіне 21 миллиард 436 миллион теңге, облыстық бюджетке – 18 миллиард теңге және аудандық бюджетке – 326 миллион теңге залал өндірілді", - делінген хабарламада.

Сот зайыбы Д.-дан ортақ үлестік меншікті құру және ½ үлесті өндіріп алу туралы талапты мерзімінен бұрын қойылған деп санады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!