ru24.pro
World News
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қостанай облысында балалар мен олардың атасы иіс тиіп қаза болды

0

Қостанай облысындағы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында үш бала және олардың атасы иіс тиіп қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 17 қарашада болған. Екі, үш және 8 жастағы үш бала мен олардың 67 жастағы аталары қайтыс болған.

Балалардың әкесі мен анасы және төрт жасар бала Арқалықтағы ауруханаға жеткізілген. "Тоболинфо" мәліметінше, олар аз қамтылған отбасына жатады. Әкелері жергілікті мектепте өртсөндіруші болып жұмыс істейді екен.

Еске салайық, 17 қарашада бұдан бөлек тағы екі қайғылы оқиға болған еді. Ақмола облысындағы бұрынғы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты. Тағы 17 адам Астана қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде, тағы 7 адам Астана қаласындағы №1 қалалық аурухананың политравматология, эндопротездеу және комбустиология бөліміне орналастырылды. Алдын ала диагноз - әртүрлі дәрежедегі термиялық жалын күйік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!