ru24.pro
World News
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Шерзат Болаттың ісі бойынша ұсталғандардың жақындары мәлімдеме жасады

0
Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандардың туыстары алғаш рет мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде ұсталғандардың туыстары жасаған үндеудің бейнесі тарады.
Күдіктілердің жақындары видеода "балалардың кінәсі үшін" кешірім сұрады. Бірақ сонымен бірге марқұмның ағасы мен әкесін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

"Халықтан кешірім сұраймыз. Балаларымыз кінәлі, бірақ Нұрқанат (ағасы) мен Қаржаубай (әкесі) де жауапқа тартылуы керек. Сотта екі жақтың да әділ қаралуын сұраймыз. Бір жақты ғана кінәлауға болмайды. Мылтықты көлігінен Нұрқанат (ағасы) алып шықты. Жігіттерге қарай оқ жаудырды. Біреуінің жағын сындырды. Өздері мылтық пен пышақ алып шықты. Содан жігіттер көтеріліп кетті. Балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздікі дұрыс емес. Бірақ арандатпаса, бәрі тыныш үйлеріне қайтар еді", – дейді ұсталғандардың туыстары.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)


Сондай-ақ, олар видеоүндеуде балаларының "ол жаққа Шерзатты өлтіру үшін арнайы бармағанын және ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі емес екенін" айтқан.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде видеохабарламада келтірілген дәлелдер зерттеліп жатқанын айтты.

"Қылмыстық іс бойынша істің барлық мән-жайларын, оның ішінде тергеудің барысы туралы бейнехабарламада келтірілген дәлелдерді ескере отырып, толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды", - деп түсіндірді департамент.

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!