Шымкентте көлік жөндеу орнында өрт шықты: жасөспірім зардап шегіп, көлік өртенді
Түнде Шымкентте Тұран ауданындағы Рысқұлов көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру есептоптары отпен қамтылған ғимараттан 50 литрлік газ баллонын жедел шығарып, өртті 70 шаршы метр алаңда сөндірген. 1 жеңіл көлік және 3 мотоцикл өртенген.
"Өртті өздігінен сөндіруге тырысқан 2007 жылы туған жігіттің қолын күйік шалып, ол медициналық көмекке жүгінді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!