Алматыда ер адам психотроптық затты дайындау кезінде ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы 8 қарашада ҰҚК Алматы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті.
"Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 7 келіден астам дайын және 30 литр "мефедрон" сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды", - делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!