Талғардағы мектептерде жер сілкінісінен кейін сабақтар тоқтатылды
Талғарда жер сілкінісіне байланысты сабақтар өтпейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Талғар ауданы бойынша білім бөлімі бүгінгі күні жер сілкінісіне байланысты барлық білім беру ұйымдарында сабақ болмайтындығын және қашықтықтан оқыту жүргізілетінін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
Алматы 3 балл
Талғар 4 балл
Есік 4 балл
Түрген 3.0 баллӨтеген-Батыр 3 балл
Боралдай 2 балл
Маловодное 2 балл
Ж.Қайыпов 2 балл
Алатау (Жетіген) 2 баллҚарасай (Қаскелең) 2 балл
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!