ru24.pro
World News
Ноябрь
2024

Орал қалалық сотының төрағасы ұсталды - БАҚ

0

Орал сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Төрағамен қоса екі адвокат та ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 1,5 миллион теңге пара айыпталушы азаматты ақтап алу үшін берілмек болған. Жедел-тергеу амалдарын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген.

Руслан Жұмағұлов 1980 жылы туған. 2001-2011 жылдары аралығында БҚО прокуратура органдарында қызмет еткен. 2011-2015 жылдары адвокат болған. 2015 жылы Оралдағы қалалық сотқа судья болып тағайындалып, 2019 жылы соттың төрағасы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!