Сарыағашта "заңды бұзған" еңбек мигранттары сот алдына тағы жиналды
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты күніне орташа есеппен жүзден аса еңбек мигрантының ісін қарап жатыр. Олар - қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" бекетінде Қазақстанда "заңсыз жүргені үшін" ұсталғандар. Еңбек мигранттары істі қарауды тездетіп, көбі "айыппұл салуды, Қазақстан аумағынан шығарып жібермеуді" сұрап тұр.
Сарыағаш соты ғимараты алдында ондаған Өзбекстан және Тәжікстаннан келген еңбек мигранты отыр. Олардың ішінде әйелдер мен балалар да бар.
Сот төрағасы Берік Каиповтың Азаттыққа айтуынша, шекарашылар күніне жүзден аса шетел азаматының ісін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстандағы халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы" бабымен сотқа өткізіп жатыр. Олардың дені – Өзбекстан азаматы.
"Заңда екі түрлі шара қарастырылған: айыппұл немесе әкімшілік жолмен Қазақстан аумағынан шығару. Мереке не демалыс күндері сот жұмыс істемейді. Мысалы, жұма күні кешке және сенбі, жексенбі күндері жиналып, кейде дүйсенбі күндері 250-ге дейін іс қаралады" деді сот төрағасы.
Каиповтың айтуынша, 2023 жылғымен салыстырғанда сотқа түскен іс саны көбейген. Былтыр 17 мың адамның ісі қаралған. Биыл он айдың есебі бойынша, мұндай іс саны 17 мыңға жуықтаған. Бұдан бөлек, көрші жатқан Келес және Қазығұрт ауданындағы әкімшілік сот қараған іс он мыңға жеткен.
Әкімшілік сот алдында кезек күткен еңбек мигранттары сот істі баяу қарап жатыр деп шағынды. Айтуларынша, ас-су сатып алуға, пәтер жалдауға қаражаты жоқ. Көбі Қазақстанға нәпақа табуға келіп, бір ай ішінде уақытша тіркеуге тұрмай, заң бұзған.
"Айыппұл салса, салсын, төлейміз. Депортация жасамасыншы", – деді кезегін күтіп жүрген еңбек мигрантының көбі.
Бір жыл бұрын Сарыағаш аудандық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты күніне кемі 200 еңбек мигрантының ісін қараған. Кей күні 800 адамның ісі келіп, тіркеуге үлгермей жатқан. Кейін облыстық сот істерді көрші аудан – Қазығұрт және Келес аудандық сотына бөлген. Барлық іс ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің хаттамасымен түскен.