Ливандағы Қазақстан азаматтары елге эвакуацияланды
Таяу Шығыстағы шиеленіс ушығуына байланысты Ливандағы Қазақстан азаматтары мен олардың жақындары елге эвакуацияланды. Бұл туралы 4 қарашада сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Операция Стамбұл (Түркия) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) қалалары арқылы ұйымдастырылды. 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейрут қаласынан Астана мен Алматыға 41 адам аман-есен жетті. Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында жүргізілді" деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Ливаннан оралған Қазақстан азаматтары дипломаттар мен олардың отбасы ма, қарапайым тұрғындар ма, нақты айтылмады.
Қазан айының басында Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль, Иран, Ливанда қаза тапқан немесе зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ деп айтқан. Смадияров министрлік уәкілетті органдармен репатриация рейстері бойынша ахуалды қадағалап отыр деген.
Консулдық есепке сәйкес, Израильде – 120, Иранда – 102, Ливанда 139 Қазақстан азаматы тіркелген. Оның арасында дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері де бар.
Смадияров көп азамат консулдық есепке тұрмайды, сондықтан олармен байланысуға, тізім дайындауға уақыт кетеді деді. Ол басқа елдегі азаматтарды да есепке тұруға шақырған.
Бұған дейін азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның әуекомпанияларына Иранның әуе кеңістігін айналып ұшуды немесе басқа бағыт таңдауды ұсынған. Комитет бұл аймақта ұшуға байланысты бұған дейін айтылған нұсқаулар мен ұсыныстарды басшылыққа алуға шақырған.
Былтыр қазанда Газаны бақылайтын ХАМАС тобы Израильге тұтқиылдан басып кіріп, мыңнан астам адамды өлтіріп, 200-ден астамын кепілге әкеткен. Бұған жауап ретінде Израиль Палестинаның Газа аймағында соғыс бастаған. ХАМАС-ты АҚШ пен Еуропа Одағы террористік деп таныған
ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасағаннан кейін Ливандағы "Хезболла" тобы Израильдің солтүстігін атқылаған. Израиль бұған жауап ретінде "Хезболла" нысандарына соққы бере бастаған.
Қазір Израиль мен "Хезболла" тобы арасында қақтығыс жүріп жатыр. Бұл – екі тараптың қазіргі қақтығысындағы ең ірі ракеталық шабуыл.
АҚШ пен Израиль "Хезболланы" террористік ұйым деп атайды. Ал Еуропа одағы "Хезболланың" қарулы қанатын ғана террористік деп таныған. Ливандағы ықпалды топты Иран қолдап отыр.