"Ресей құйрығы": Грузия сайлауы жайлы деректер заңсыздықтарды қалай әшкерелеуі мүмкін?
Сайлау сарапшылары мен дата талдаушылар Грузия аймақтарындағы дауыстың бөлінуі бойынша графиктерде ауытқушылық барын байқады. Бұл сайлаудағы бұрмалаушылықтарға жанама айғақ болуы мүмкін. Мұндай жайт 2020 жылы Ресейде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум кезінде де байқалған. Олар мұндай трендті "Ресей құйрығы" деп атайды.