ru24.pro
World News
Ноябрь
2024
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Германия тәжік белсендісін депортациялау туралы шешім шығарды

0
Германияның әкімшілік соты тәжік оппозиция белсендісі Ділмұрат Эргашевті Тәжікстанға қайтару туралы шешім қабылдады. Оппозиция белсендісі өз елінде қуғындалып, азапталуы мүмкін деп қауіптенеді жақтастары. 


28 қазан күнгі шешімге сәйкес, Эргашев Тәжікстанға қараша басында жіберілуі керек. 


40 жастағы белсенді – Тәжікстанда тыйым салынған оппозициялық қозғалыс "Группа 24" тобының мүшесі. Бұл қозғалысты шетелде қуғында жүрген тәжік диссиденттері құрған. 


Эргашев 2023 жылы қыркүйекте Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Германияға сапары кезінде Берлинде өткен наразылық акциясына қатысқан.