Алматы облысында жер сілкінді
ҚР ТЖМ Сейсмологиялық зерттеу институты ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10:50-де жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.
Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) жер сілкінісі 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!