ru24.pro
World News
Ноябрь
2024

Қазақстанға АҚШ-тан ойыншық ретінде гауһар тастары бар бұйымдар әкелінген

0

Көлік прокурорлары 100 миллион теңгеден аса контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды.

"Көлік прокуратурасының талап-арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді. Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 миллион теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды", - делінген хабарламада.

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!