ru24.pro
World News
Ноябрь
2024

Тоқаев Қарағанды ​​облысының әкіміне сөгіс берді

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысының әкіміне сөгіс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді", - деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!