ru24.pro
World News
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

ТЖМ қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады

0

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" болжамдарына сәйкес, ауа райы нашарлайды: қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

"Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" қарашада бір ай бойы қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!