ru24.pro
World News
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Электрсамокат мінген балалар: Қазақстанда 130 ата-ана жазаланды

0

Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға қатысты құқық бұзушылық статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл электрсамокат жүргізушілері жасаған 41,6 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде мас күйінде жүргізу - 9 дерек, жалпы пайдаланымдағы жолдарда балалардың электрсамокат жүргізуіне жол берегені үшін 130 ата-ана жауапқа тартылғаны хабарланды.

"Алайда, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен құқық қолдану практикасына қарамастан, электрсамокаттардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жағдай әлі де күрделі болып отыр. Биылғы 9 айда электрсамокаттардың қатысуымен 144 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 136 адам жарақат алды. Электрсамокаттардың жүргізушілері кінәсінен 24 ЖКО болып, 1 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды", - делінген ведомствоның редакцияның сұрауына берген жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!