ru24.pro
World News
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Атырау облысының әкімі тұрғындарға мемлекеттік наградалар табыс етті

0
24 қазан - Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, атыраулықтарды ұлттық мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, "Шынайы тәуелсіздік орнату – бұл күнделікті маңдай тер мен қажырлы еңбек, уақыт сынынан өткен дәйекті саясат. Тәуелсіз де қуатты мемлекетке ие бола отырып қана төрткүл дүние ортасында ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап қала аламыз". Республика күнін айшықтап атап өту – біздің жалпыұлттық тұтастығымыздың, қалыптасқан мемлекеттілігіміздің айғағы, әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық тарихи күн. Отанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын, бірлік пен келісім, тарихи бірегейлікті құрметтеу мен рухани мұраны сақтау секілді басты құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғассын. Алдымыздағы табыстарға қол жеткізу жолында бәріміз ынтымақпен бірлесіп адал қызмет атқара берейік", - деді С.Шәпкенов.


Серік Шәпкенов салтанатты шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан бірқатар адамға мемлекеттің наградалар табыс етті.ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен:

Оразғали Қаршегенов - "Атырау Жарық" АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі.

"Парасат" орденімен:

Бисен Қуанов - еңбек ардагері;
Нұрпейіс Мақашов - еңбек ардагері;
Ерлан Мұқай - НКОК компаниясының басқарушы директорының орынбасары.


"Құрмет" орденімен:

Нұрқабыл Айтмұхамбетов - "Атырау облыстық балалар ауруханасы" КМК директоры;Сәдірғали Әділов - еңбек ардагері;
Махш Гайсина - "Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ "Музыка және өнер" кафедрасының доценті;Ғалия Досалиева - "BRANDO" ЖШС бір реттік шприц зауытының бас инженері;Балжан Досмұхамбетова - "Қазақстан Халық партиясы" ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы;Айжан Қарабаева - "Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі" ҚКМК директоры;Галия Куталиева - "Құрманғазы аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК Кудряшов дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі практика дәрігері;Нұрлыбек Хамитов - "ТөбеаралОйл" ЖШС директоры.


ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен

Сұлтан Айталиев - "Атырау жылу электр орталығы" АҚ жылу автоматикасы мен өлшемдер цехының автоматика және өлшеу аспаптарының жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі VI разрядты электр жөндеушісі;Нұрсәуле Құттыбаева - "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау цехының есепке алу жөніндегі аға операторы;


Сонымен қатар бірнеше азамат "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медалдарымен марапатталды.