ru24.pro
World News
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Түркиядағы терактіде бес адам мерт болып, 20-дан астамы жараланды

0
23 қазанда Анкарада белгісіз адамдар TUSAŞ аэроғарыш компаниясының ғимараты кіреберісінде жарылыс жасап, оқ атты, салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая мәлімдеді. Ол оқиғаны теракт деп атады.


Түріктің NTV телеарнасының хабарлауынша, шабуыл жасағандар TUSAŞ ғимаратына түсте кәдімгі такси мініп барған. Қарулы адамдар ғимаратқа басып кіруге тырысқан, бірақ күзетшілер оларды тоқтатқан, содан кейін жарылыс болған. Шабуыл жасаған адамның бірі өзін жарып жіберген деген долбар айтылды.


Ғимарат ішінде атыс болуы мүмкін деген хабар тарады. Оған қауіпсіздік күштері мен жедел жәрдем тартылып, аудан қоршауға алынды. Ақпаратқа қарағанда, TUSAŞ қызметкерлеріне ғимарат ішінде жасырынуды бұйырған. Алайда ақпарат құралдары террористер ғимараттағы адамдарды кепілге алуы мүмкін деп хабарлады. Анкара шабуыл жасаған нақты неше адам екенін айтпады.




Шабуыл салдарынан қаза тапқандар туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, ол Ресейдегі Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС саммитіне қатысып жатқан еді. Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая полиция шабуыл жасаған екі адамды өлтірді деп хабарлады.


Сәрсенбі күні кешке Habertürk басылымы полиция TUSAŞ ғимаратын бақылауға алды деген ақпарат таратты. Неше адам шабуыл жасады, кепілге алынған адамдар болды ма деген сұрақтарға әзірше жауап жоқ.


Түркия президенті Ердоған БРИКС саммитіне сапарын үзіп, Анкараға шұғыл қайтуды ұйғарған.


Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гүлер шабуылдың артында үкіметке қарсы және АҚШ пен Еуроодақтың бірқатар елінде террористік ұйым деп танылған сепаратистік Күрдістан жұмысшы партиясы тұрған болуы мүмкін деп есептейді. Ол айтқан партия Анкарадағы шабуыл жөнінде пікір білдірмеді.


TUSAŞ – ірі акционерлік қоғам. Компания азаматтық және әскери мақсатта қолданылатын ұшақтар, тікұшақтар, дрондар мен ғарыш спутниктерін жасап шығарады.