ru24.pro
World News
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Петропавлда әйелді ұрып-соққан ер адам іздестіріліп жатыр

0

Петропавлда полицейлер өткен дүйсенбі күні кешке 49 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғынының соққыға жығылғаны туралы ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

"Сағат 22:30 шамасында Петропавл қаласында белгісіз біреу бұзақылық ниетпен 49 жастағы әйелдің денсаулығына қасақана зиян келтірген", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық кодекстің 107-бабы "Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адамның ісі туралы жазған болатынбыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!