ru24.pro
World News
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында фельдшерлік-амбулатория ашылды

0

Республика күніне орай Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында жоба құны 249,2 млн теңгені құрайтын 15 келушіге арналған фельдшерлік-амбулатория ашылды.

Бұл ауданда соңғы жылдары салынып, ел игілігіне берілген үшінші – медициналық пункт. Одан бөлек, қазіргі уақытта Қорағаты станциясы мен Ақбұлақ ауылдарында да дәл осындай нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы облыста денсаулық сақтау ұйымдарының тозуын 40,3%-дан 39,0%-ға дейін төмендету үшін 26 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде — 20 нысан бой көтереді.

Бүгінде, 3 медициналық нысан халық игілігіне берілді.

Сообщение Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында фельдшерлік-амбулатория ашылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.