ru24.pro
World News
Октябрь
2024

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалынан ауа райы тұрақсыз болады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады деп болжанады.

23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді және тұман болжанады.

Температураның фонында күрт өзгерістер болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!