ru24.pro
World News
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақтауда күдікті теракт жасамақ болған: ҰҚК егжей-тегжейін мәлім етті

0

Қазақстандық азамат теракт жасамақ болғаны үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл 19 қазанда Ақтау тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін шығарылған үкім заңды күшіне енді.

"Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды. Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген", - делінген хабарламада.

Күдікті бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!