ru24.pro
World News
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда білім саласында жымқырылған 1,5 миллиард теңге қайтарылды

0

Қазақстанда білім саласында жымқырылған 1,5 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Бүгінде Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру аяқталды. Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысып жатыр, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 миллиард теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 миллиард теңге мүліктеріне тыйым салынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!