ru24.pro
World News
Октябрь
2024

Ақтөбеде бюджетке түсуі керек миллиондар ставкаға тігілген

0

Ақтөбе облысы прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін, әуесқой спорт командаларынан алынған бюджетке түсуі керек қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.

"Спорт мектептерінің басшылары 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражаттары заңсыз жұмсаған. Бұл қаражаттар мектеп басшыларымен өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсалған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Ақтөбе" футбол клубы командасының ұшуы бойынша әуе қызметтерін 165 миллион теңгеден астам көтерілген бағамен бірнеше делдал арқылы сатып алу деректері анықталғаны айтылды.

"Барлық дерек бойынша прокуратурамен ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 3 соталды тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар, тексеру нәтижелері Ақтөбе облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, жауапты мемлекеттік органдарға бұқаралық спортты қаржыландыру жағдайын түзету, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану тапсырылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!