ru24.pro
World News
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Үкімет Ақтауға 5 миллиард теңге бөлді

0

Үкімет Ақтаудың магистралды жылу желілерін реконструкциялауға 5 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет Ақтаудың магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжат Ақтаудың магистралды жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін 5 миллиард теңгені Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.

"Атап айтқанда, бұл қаражат жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жұмыстың жалпы құнының 10 пайыз мөлшерінде автомобиль жолының ең тозығы жеткен ұзындығы 11,5 шақырым учаскесін реконструкциялауға бағытталатын болады. Бұған дейін мердігер ұйымның қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған болатын. Жалпы 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75 пайыздан асатын 44 шақырым магистралды жылу құбырын кезең кезеңімен ауыстыру қажет", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Ақтаудың жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері қолданыста.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!