ru24.pro
World News
Октябрь
2024

Павлодарда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші жауапқа тартылды

0

Павлодарда мас күйде көлік жүргізген жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодарда полиция қызметкерлері ВАЗ-2107 автокөлігін мас күйде жүргізген ер адамды ұстады. Ол 2024 жылғы тамызда 2031 жылдың тамызына дейін көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

"Ер адам жүргізген көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Мас күйде көлік жүргізу арқылы өз өміріңізге ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне де қауіп төндіретініңізді еске саламыз.
Жүргізуші көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және мас күйінде болған адамның көлік құралын жүргізгені үшін жауапқа тартылады. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!