ru24.pro
World News
Октябрь
2024

Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

0

Алматы облысының прокуратурасы Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің айуандықпен өлтірілуіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талғарда 4 қазанда төбелес болып, 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тауып, тағы екі азамат ауыр дене жарақатын алған болатын.

"Біз қоғамдық толқуды түсінеміз және отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Прокуратура органдары адам өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлаймыз. Осы қылмысты жасады деген күдікпен жеті күдікті қамауға алынып, сот 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Қадағалаушы ведомство "барлық мән-жайды анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған" объектив тергеуге кепілдік берді.

"Барлық азаматы осы қылмысқа қатысы бар адамдар жауапкершіліктен құтылмайтынына сендіргіміз келеді. Тергеуге көмектесетін қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз", - деп толықтырды ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!