ru24.pro
World News
Октябрь
2024

Референдум күні Жамбыл облысының әжелері әнмен оятып, ұлттық дәм ұсынды

0
Тіршілігі қайнаған тарихи Тараз қаласы дәл бүгінгі күні ерекше екпінмен, айрықша әсермен басталды. Шаһардың орталығында орналасқан №28- дауыс беру учаскесіне ала таңмен асыға жетіп, дауыс берушілердің қатары мол болды.
Ел өміріндегі маңызды сәтте халықтық таңдауға бей-жай қарамай, белсенділік танытқан дауыс берушілердің қатарында үлкен-кіші, бәрі жүр. Дәл қазіргі сәтте де №28 дауыс беру учаскесінде тіркелген дауыс берушілер өз таңдауын жасап жатыр. Еске сала кетейік, референдум қарсаңында дауыс берушілер құрметіне түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Осы орайда Абай даңғылы 138 мекенжайында орналасқан осы дауыс беру учаскесіне келушілерге арнап әжелер қауымы арнайы шашу шашып, ұлттық дәстүрді ұлықтады.


– Ана бір қолымен бесігін тербетіп, екінші қолымен әлемді тербетеді деп халқымыз айтқандай, осындағы әрбіріміз үшін ұрпақтың келешегі, еліміздің ертеңі маңызды. Аллаға шүкір, мемлекетіміз жылдан жылға жан-жақты даму үстінде. Немере, шөберелеріміздің болашағы үшін, олардың өсіп-өніп, еліне, халқына қызмет ететін азамат болып өсуі үшін әрбіріміз жауаптымыз. Дәл сол секілді мемлекетіміздің абырой-беделі асқақтап, өркениетке қадам басуына да әрбіріміздің үлесіміз болуы тиіс. Сол үшін бүгін ұлттық дәстүр-салтымыздың салтанатын жарастырып әрі жастарға құндылығымызды насихаттап арнайы келдік. Себебі алтын қазығынан ажырамаған ел алысқа мақсат қояды, құндылығынан айырылмаған ел ғана құрдымға кетпей, іргелі істерге із қалдырады,– дейді Белсенді Ұзақ өмір орталығының ақ жаулықты әжелері.

Осылайша ақ жаулықты әжелер қауымы дауыс беру учаскесін қазақы ән-жырға бөлеп, келушілерге бауырсақ үлестірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!