ru24.pro
World News
Октябрь
2024

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

0

Қазақстанда доллардың 3 қазандағы бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,35 теңгеге төмендеп, 482,86 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 қазандағы ресми бағамы - 483,23 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 482,63 теңгеге, сатылымы 484,06 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 480,94 теңгеден сатып алынып, 485,01 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 2 қазанда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,88 теңгеге көтеріліп, 483,23 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!