ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Алматы облысында жасөспірім қыздар құрдасына қысым көрсетіп, ақша бопсалаған

0
Алматы облысында жасөспірім қыздар өздері қатарлас қызға қысым көрсетіп, одан ақша бопсалаған. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапқа тартты.

"Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздар құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды. Құқықбұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді", – деп жазылған хабарламада.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауржан Аленов (@baurzhan__alenov)


Бұл дерек Қарасай ауданының полиция басқармасында тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!