ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Қазақстанда доллар бағамы тағы өсті

0

Қазақстанда доллардың 26 қыркүйектегі бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,40 теңгеге көтеріліп, 478,54 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26 қыркүйектегі ресми бағамы - 478,16 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 478,27 теңгеге, ал сату бағамы 479,64 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,00 теңгеден сатып алынып, 481,00 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 25 қыркүйекте KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,46 теңгеге төмендеп, 478,16 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!