ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Бишімбаев неге колонияда жұмыс істемейді? ҚАЖК жауабы

0

24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жұмысқа орналаспаған. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚАЖД мәліметінше, Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде өтеп жатыр.

"Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналастырылмаған. Сотталған адамның күн тәртібі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Бұған дейін Бишімбаевты колонияда қандай жұмысқа алуы мүмкін екені белгілі болды. ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібековтың айтуынша, бұрынғы ұлттық экономика министрі "Еңбек" РМК-ға ағаш және металл өңдеу бағыты бойынша жұмысқа орналаса алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!