ru24.pro
World News
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматы көшелерінің бірінде бір тәулікке көлік қозғалысы шектеледі

0

Алматыда Павлодарская көшесінің учаскесінде көлік қозңғалысы бір тәулікке шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21 қыркүйекте сағат 06:00 бастап 22 қыркүйектің сағат 14:00 дейін Алматының Жетісу ауданында автокөліктердің қозғалысы Павлодарская көшесінің бойымен №136 үйден бастап Мақатаев көшесіне дейін шектеледі. Қозғалыс екі жаққа қарай жабылады.
Уақытша шектеулер жалпы ұзақтығы 2 135 метрді құрайтын құбыржолды ауыстыру бойынша жаңғырту жүргізілген жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі. Бұл құбыржол 344 көппәтерлі тұрғын үйді, 11 білім беру нысанын, 3 денсаулық сақтау объектісін және 483 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!