ru24.pro
World News
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: жұмысшы үйінді астында қалып қойған

0

Жамбыл облысындағы кен байыту кешенінде төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы "Алтыналмас" АҚ-ның бір кен байыту кешенінде тау жынысы опырылды. Оқиға орнына шұғыл түрде апаттық-құтқару тобы жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.

Тау жынысының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайлар салдарынан опырылған аумаққа қолжеткізу айтарлықтай қиын. Компанияда жазатайым оқиғаны тексеру басталды, барлық күш пен құрал апат астында қалған жұмыскерді іздеуге бағытталды.

Оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылған. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!