ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 миллиард теңге өндіріп алмақ - депутат

0

Кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 миллиард теңге өндіріп алмақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өз сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Базарбектің айтуынша, талап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жерлерді қайтару ісіне қатысты. Мәжілісмен өз сауалын Бас прокуратураға жолдады.

"Соттың шешімі бойынша, бизнес-орталық салынатын жерінен айырылып, Тимур Құлыбаевтың фирмасы Алматы әкімдігіне 34 миллиард теңге сомасында есепшот жасады. Енді соттан ұтылғаннан кейін компания бизнес-орталықтың құрылысына салынған заңсыз инвестицияларын өндіріп алғысы келеді. Әкімдер жер учаскелерін заңсыз берген барлық жобаларға қатысты осындай жағдай болады", - деді депутат мәжіліс отырысында.

2017 жылғы 1 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы әкімдігіне Әл-Фараби даңғылы, 71 бойынша жер учаскесінің шекараларын түзету туралы өтінішпен жүгінген. Жалпы алғанда, ҚазҰУ өз аумағын бір гектарға – 73,2-ден 72,1 гектарға дейін қысқартуды жоспарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!