ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Қанша қазақстандық мемлекеттен бір жарым миллион теңге алды?

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін қанша қазақстандықтың 1 476 800 теңге грант алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2024 жылдың басынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 8 941 грант, оның ішінде ауыл тұрғындарына 5 769 грант берілді. 2024 жылы жалпы 9 000 грант беру жоспарланған.
2024 жылы мал шаруашылығына – 2 331, өсімдік шаруашылығына – 101, құрал-сайман, еңбек құралдарын сатып алуға – 2 425, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 3 941, орын жайды жалға алуға – 143 қайтарымсыз гранттар берілген.

"Алушылардың санаттары бөлінісінде көпбалалы отбасылардың мүшелеріне – 5 646, мүгедектігі бар адамдарға – 1 446, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға – 1 045, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға – 253, асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға – 365, қоныс аударушыларға – 151 және қандастарға – 35 грант берілді".

Биыл гранттар алуға өтініштерді қабылдау 2 лек бойынша өткізілген. Үміткерлерден барлығы 30 мыңнан астам өтініш, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 19,4 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 4,7 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 3,5 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 758 өтініш қабылданған. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған адамдар қатарынан 1,1 мың адам, 289 қоныс аударушы және 169 қандас өтініш берген.

"Өтінімдердің ең көп саны Түркістан (5,4 мың), Қызылорда (3,3 мың), Жамбыл (3 мың) облыстары мен Шымкент қаласының (2,4 мың), ал ең аз саны Ұлытау (221) және Қостанай (490) облыстарының үміткерлерінен келіп түсті".

Гранттарды еңбек мобильділігі орталықтары үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.
Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!