ru24.pro
World News
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30

Астанада мектеп оқушыларының құрдасын қорлағаны видеоға түсіп қалды

0

Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар құрдасын қорлаған. Оқиға видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram-да мектеп оқушысын қорлағандардың видеосы жарияланды. Кадрда жасөспірімдердің оқушы бетінен ұрып, теуіп жатқанын көруге болады.
Жазба авторлары оқиға Астанадағы №83 мектеп-гимназияда болғанын алға тартады. Жасөспірімдер тобы басқа оқушыларды үнемі қорқытады деген болжам бар: олар ұрып-соғып, буллинг жасайды. Барлығы 15-ке жуық бала.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиғаға қатысушылардың барлығы 9-сынып оқушылары, анықталған.

"Оқушылармен ата-аналарының қатысуымен әңгіме жүргізілді, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижелері бойынша оқушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Астананың Білім басқармасы оқиғаның 4 қыркүйекте болғанын хабарлады.

"Бүгінде оқушылардың жеке басы анықталды. Мектеп басшылығы жауапты полиция инспекторымен және ата-аналармен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оқушылардан сұхбат алынды. Оқушылар мектепішілік бақылауға алынды. Департамент (полиция - еск.) оқушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға береді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!