ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

“Күдік туғызуы керек“. Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

0

Ішкі істер министрлігі барша ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті ата-аналар! Биылғы жылдың сегіз айында полиция есірткі таратуға қатысқаны үшін 30 кәмелетке толмаған баланы ұстады. Есірткі жасырумен айналысатын 14 жастағы жасөспірімдер де кездеседі. Олар есірткі қылмысының жекелеген түрлері бойынша ересектермен бірдей қылмыстық жауапкершілікке тартылады".

Полиция қызметкерлері барлық оқу орындарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері 725 мың адамды қамтитын 9738 түрлі профилактикалық іс-шара өткізілді. Басты назарда - жоғары сынып оқушылары және ата-аналарынан жырақта тәуелсіз өмірді бастаған 1-2 курс студенттері.
Полиция көбіне орын алған фактілермен жұмыс жасайды. Ал ұсталған жасөспірімдер үшін құқықтық салдары ауыр. Осыған байланысты біз сіздерді балаларыңызбен олардың барлық әрекеттерінің құқықтық салдары туралы сөйлесуге шақырамыз. Жасөспірімдердің өміріне барынша қатысыңыз. Егер олар заңсыз әрекетке тартылса, сізге айтудан қорықпауы керек. Балаларыңыздың ортасын біліп, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылауыңыз қажет.

Жасөспірімнің заттарындағы кез келген дәрі-дәрмек қаптамаларына, фольгаға, шыны түтіктерге, тамшуырларға назар аударыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады. Егер жасөспірімнің үлгерімі күрт төмендеп, сабаққа бармауы артып, қарым-қатынас айналасы өзгерсе, бұл ата-аналардың күдігін туғызуы тиіс. Есірткіні қолданудың жанама белгілері көңіл күйдің жиі өзгеруі, ашуланшақтық, апатия болуы мүмкін. Жасөспірімнің есірткі таратумен айналысатынының тағы бір белгісі – көп ақша, қымбат заттарды сатып алуы. Егер баланың телефонында, мессенджерлерде геолокациялары бар белгілер, есірткі жасырылған жерлердің фотосуреттері, үй қабырғаларында, стендтеріндегі басқа да жазбалар болса, бұл да күдік туғызуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал қылмыстардың жекелеген құрамы бойынша 14 жастан басталады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!