ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Bereke Bank және Tele2 сатылымы: мәмілелер қыркүйекте аяқталады

0

Bereke Bank және Tele2 сатылымы қыркүйекте аяқталады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Мәжіліс Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы басым секторлардағы жобаларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады.
Құжат қатарлық компаниялардың Қазақстан аумағында тоғыз жобаға инвестиция салатын шарттарын айқындайды. Келісім телекоммуникация, энергетика, газ өндіру және тасымалдау, қаржы саласын қоса алғанда, инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді. Байбазаровтың айтуынша, келісімді іске асыру 20 миллиардқа жуық инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, қатарлық инвесторлар Tele2 мен Bereke Bank-ты сатып алып жатыр.

"Tele2 және Bereke Bank-пен байланысты мәмілелер қазірдің өзінде практикалық аяқталу сатысында. Біз қыркүйекте осы мәмілелерді аяқтаймыз деп күтеміз. Газ жобаларына келетін болсақ, алғашқы екеуі жоғары дайындықта. Биыл осы жұмыстардың барлығы аяқталып, тараптар жобаларды қаржыландыруды құрылымдауға кірісе алады деп күтеміз", - деді министр.

Мәжіліс кулуарында журналистер Байбазаровтан Tele2-ні шетелдік инвесторлар сатып алған жағдайда қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау туралы сұрады.

"Олар (Tele2 - еск.) Қазақстанда жұмыс істейді, сондықтан бұл келісімдер тек экономикалық немесе қаржылық блокты ғана емес, бүкіл құқық қорғау блогын да қарастырады. Білесіз бе, ақпараттық қауіпсіздік деңгейі әрдайым бақылауда болады, сондықтан олар басқа операторлар сияқты осы бақылауда болады. (...) Тәуекелдер әрқашан бар екені анық, бұл тәуекелдерді жоққа шығаруға болмайды", - деп түсіндірді Байбазаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!