Доллар бағамы тағы 1,5 теңгеге төмендеді
Қазақстанда доллардың 6 қыркүйектегі бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,51 теңгеге төмендеп, 478,89 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 9 қыркүйектегі ресми бағамы - 480,55 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 479,08 теңгеге, сатылымы 480,66 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,98 теңгеден сатып алынып, 482,00 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, 6 қыркүйекте KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,20 теңгеге төмендеп, 480,55 теңге болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!