Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында түнде жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Республиканың батысында және орталығында антициклон әлі де ауа райын жауын-шашынсыз сақтайды.
ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус аяз сақталады.
Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорданың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе қаласының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!