ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Ташкентте жер сілкінісі болды

0

Ташкентте магнитудасы 3,6 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан ТЖМ сейсмикалық болжамды бақылау республикалық орталығына сілтеме жасап.
Орталық мәліметінше, жер сілкінісі 9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 05:45-те болған. Жерасты дүмпулерінің ошағы Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек ауданында болған. Жер сілкінісі ошағынан Ташкентке дейінгі арақашықтық солтүстік-шығыс бағытта 10 шақырым.

Өзбекстан аумағындағы жерасты дүмпулерінің күші:

Мирзо-Ұлықбек ауданы 2 балл,
Мирабад ауданы 2 балл,
Шайхантахур ауданы 2 балл,
Яшнабад ауданы 2 балл,
Алмазар ауданы 2 балл,
Яккасарай ауданы 2 балл,
Чиланзар ауданы 2 балл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!