ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Алматыда “Алтын Орда“ базары маңындағы өрт видеоға түсіп қалды

0

Алматыдағы "Алтын Орда" базары аумағында ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ТЖД мәліметінше, 9 қыркүйекте сағат 09:20-да күштер мен құралдар Наурызбай ауданы, Ташкент тасжолы 17/1 мекенжайына жіберілді. Онда бос тұрған үй-жайдың шатырында өрт шығып, 100 шаршы метр аумақтағы бір қабатты ломбардтың шатырын жалын шарпыған.

"Қабылданған шаралардың арқасында өрт 15 минут ішінде ауыздықталып, 09:48-де сөндірілді. Өрт орнынан 50 литрлік газ баллоны шығарылды", - делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!